Алматы қаласында 20 қыркүйектен бастап айыппұл төлемеген азаматтардың тұлғасын анықтау жұмыстары басталды.
Автокөліктер көп шоғырланған тұстарда жол-патрульдік полициясының автоэкипажы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, «БДД» және «Сергек» құрылғыларын қолдану арқылы айыппұл төлемеген автокөлік иелерін анықтау тәжірибесі қолданылуда.
- жүйе жол үстінде кетіп бара жатқан көлік иесінің айыппұлын төлмегенін анықтаса, полиция қызметкері оны тоқтатып, мән-жайды түсіндіреді.
- әрі қарай автокөлік мамандандырылған айып тұрағына жеткізіледі.
- айып тұрағында ҚР Заңдарына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылады.
- айып тұрағына қойылған автокөлік айыппұл жүктемелері толық өтелген жағдайда иесіне қайтарылады.
Арнайы іс-шараға Жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасы мен Алматы қалалық прокуратурасының қызметкерлері қатысуда.
Басып шығару