Жанболат Мамай полиция қамауға алған белсенділер – Абзал Достияров, Дәурен Достияров, Ырысбек Тоқтасын және Аружан Дүйсебаеваны қанша тәулікке тұтқындағаны туралы айтты.
«Қазір жаңа білдік, Абзалды (Достияров) 15 тәулікке қамапты. Оны алаңан алып кетті. Дәуренді (Достияров) 15 тәулікке, Ырысбек Тоқтасын 15 тәулікке, басқалары әлі белгісіз. Аружан Дүйсебаеваны үйден ұстап алыпкетті», – деді Жанболат Мамай.
Мамайдың айтуынша, Теміртай Нармиғутулаев және т.б. белсенділер ұсталған. Нақты қанша адам ұсталғаны белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Демпартия жақтастары қалалық полиция департаментінің алдына жиналып, белсенділерді босатуын талап етуде. Бейбіт митингіге шыққандар тұтқындалған белсенділерді босатса, тарайтынын мәлімдеді.
Басып шығару