Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Сессияның басталған сәтіндегі видеоны ҚР Президентінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды», - деп жазды ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің мемлекет басшыларының отырысына қатысады. Жиындар Душанбе қаласында өтеді.
Басып шығару