Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Ширек финалда отандасымыз әлемнің экс-бірінші ракеткасы испандық Гарбиниер Мугурусуданы жеңді. Айта кетейік испаниялық спортшы қазір әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр – 7: 5, 6: 1. Бұл теннисшілердің алғашқы бетпе-бет кездесуі болды.
Финалға шығу үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.
Еске салайық, бүгін, 28 шілдеде Ярослава Шведова мен Андрей Голубев ойын өткізеді. Олардың қарсыласы жапондық дуэт Эна Сибахара мен Бен МакЛачлан.
Басып шығару