Жапония астанасына жақын маңда олимпиадалық ауыл жұмыс істей бастады. Бұл туралы бүгін Токиода өтетін жазғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті хабарлаған. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты аталмыш ірі жобаның ашылу салтанатын өткізбеуді ұйғарыпты.
Токио шығанағының жағасында орналасқан ауылдың көлемі 44 гектарды құрайды. Олимпиада ауылы бір мезетте 18 мың споршыны және олимпидалық құрамның басқа да мүшелерін қабылдай алады. Ауылда шамамен 3,8 мың пәтер бар. Спортшылар жарыс өтерден бес күн бұрын келіп, жарысы өткеннен кейін екі тәулік ішінде пәтерді босатуы тиіс.
Коронавирустың таралуының алдын-алу мақсатында Олимпиада ауылында арнайы медициналық блок жұмыс істейді. Спортшыларда коронавирус симптомдары байқалған жағдайда дәрігерлер жедел әрекет етеді. Спортшылар күн сайын тест тапсыруға, маска киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауға міндеттеледі. Сонымен қатар, спортшыларға тек жалғыз өздері тұтынатын болса, спирттік ішімдіктерді номерлеріне кіргізуге рұқсат берген.
Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты бір жылға шегеріліп, биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өткелі отыр. Ұйымдастырушылар Олимпиада ойындарын көрерменсіз өткізуді ұйғарған. Сонымен қатар, жапондардың да әлемдік бәсекені тамашалау мүмкіндігі шектеліп отыр.