Оливер Стоун Қазақстан туралы туындысында Сингапур көшбасшысы Ли Куан Ю мырзаны еске алып, оның мықты лидер болғанын айтады. Режиссердің айтуынша, ол биліктен кетсе де өз ықпалын жасау тетіктерін уысынан шығармаған.
«Сіз туралы да осылай дейді. Қазіргі күні сізді ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және экономика салаларын басқарып отыр деушілер көп», - деп сұрады режиссер Елбасыдан.
Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның бұл сұрағына жауап бере отырып, бұл тәжірибенің жақсы не жаман екеніне неге үңілмейтіні туралы қарсы сауал қойды.
«Егер бұл тәжірибе тұрақтылыққа, елдің дамуына, беделінің артуына септігін тигізсе, біз оған неге теріс көзқараста болуымыз керек? Неге әрбір ел өзіндік стилін таңдамасқа? Өз жүйесін таңдамасқа? Меніңше, елдің, халықтың қалауы – бәрінен маңызды. Мен қызметтен шарықтау шегіне жеткен кезде кеттім. 2015 жылғы сайлауда сайлаушылардың 95 пайызы маған дауыс берді. Әрине, бұл адам нанғысыз статистика болуы мүмкін. Бірақ көпшілік менің мәңгі билік басында болғанымды қалады. Мұнымен мен келіспедім. Мен түбегейлі кеткім келген. Қалмасыма қоймады. Сосын Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде қалып, партия жұмыстарына араласып, елдің дамуына ықпал етуді көздедім», - деді Елбасы.
Басып шығару