Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік саясаткерлердің Қазақстанның солтүстік облыстары туралы айтқан сөздеріне жауап берді.
“Жерді сыйға берді деген әңгімелер де болды. Қандай жер сыйға тартылды? Егер біз Алтын Орданың мұрагерлері болсақ, онда Мәскеу княздігі бізге алым төлеген. Сонда біз де 800 жылдық тарихты еске түсіруіміз керек пе? Сондықтан, біз мұндай айтылған сөздерге назар аудармауымыз керек. Қазір интернет, сөз бостандығы”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Басып шығару