Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі армияның әскери дайындығын қалпына келтіру үшін кезектен тыс тәжірибелік дайындық жұмыстарын жүргізуге кірісті. Бұған қарулы 53 ауғанстандықтың мемлекет территориясына кіруі себеп болған.
Қорғаныс министрі Баходир Курбанов Ташкент және оңстүстік-батыстағы ерекше аймақтардағы әскери бөлімдерде әуе қорғанысы мен әскери-әуе күштерінің дайындығын жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады.
Министр жеке құрам мен әскери техниканың дайындығын тексермек. 24 маусым күні ол Ауғанстанмен шекаралас жатқан Сурхандар облысында болған.
Сонымен қатар, Өзбекстаның Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде тәжірибелік мүмкіндіктерді тексеру мақсатында тактикалық дайындық жұмыстарын жүргізуге ниетті.
Бұл тексерістерге Өзбекстан шекарасын Шортеп ауданы маңынан 53 қарулы ауған әскериінің кесіп өтуі себеп болған. Тергеу жұмыстарынан кейін ауған әскерилері өз елдеріне оралды.
21 маусым күні талибтердің ауған-тәжік шекарасындағы «Шерхон-Бандар» бақылау-өткізу бекетін басып алғаны белгілі болған. Тәжікстан шекарашылары көрші елдегі 134 әскериге «гуманизм мен бейбітшілік принципі бойынша» шекарадан өтуге және танысуға рұқсат берген. Осы сапардан қайтқан әскерилерді жат ағымның қарулы жасағы басып алған.
Соңғы он күн ішінде Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас жатқан төрт провинциясында «Талибан» қозғалысы мен мемлекеттік әскерилер арасында қақтығыс жүріп жатыр. Тәжікстан жағдай қиындаған күнде Ауғанстаннан 10 мыңнан аса адамды қабылдауға дайын.
АҚШ 1 мамырдан бастап Ауғанстаннан әскерилерін шығаруда. Маусым айының басында америкалық әскерилердің үштен бірі ауған жерін тастап шыққан. 2021 жылдың қыркүйек айына қарай америкалықтар армиясын түгел шығаруды жоспарлап отыр. Осының нәтижесінде елдегі «Талибан» қозғалысының әрекет күшеюде.
Басып шығару