Nartay Aralbayuli ютуб каналында медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цойдың сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында вакцина, ауруханалар, жыныс ауыстыру мәселесі сөз болды.
Вакцина туралы көп айтылады. Дегенмен, қоғам әлі де нарықтағы вакцинаға күмәнмен қарайды, сенім білдірмейді. Себебі неде?
«Әрине, күмәннің бары анық. Әрі ол тек Қазақстанда емес, барша әлемде орын алып жатыр. Бірақ, күн сайын сенім артқандардың көбейгенін байқаймыз. Бүгінде әрбір оныншы қазақстандық вакцина салдырды. Халық өзі бір-біріне кеңес беріп жатыр. Балалары алып ата-анасын, туысқандарын шақырып жатыр. Біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өмір бойында біз 20-дан астам вакцина салдырамыз. Бұл вакцина да шешек вакцинасы сияқты, бұл да осындай вакциналардың бірі. Вакцинасыз ауру жұқтырып алу қаупі мың есе артық. Қайғылы жағдайларғап келсек, бұл жерде түсінуіміз керек, дүние қайтыс болған адамның соңғы жасаған процедурасы болған соң өлімді осы вакцинамен байланыстырады», - деп жауап берді министр.
Жыныс ауыстыру бұйрығы. Министрлік бұндай бұйрықты неге қабылдады? Елдің реакциясын емептемеді ме?
«Бұл тағы да ақпараттық ортада дұрыс сұрыпталмаған ақпарат. Бұл тағы да ақпараттық ортада дұрыс сұрыпталмаған ақпарат. Қазақстанда жынысты ауыстыру мәселесі бойынша 2003 жылдан бастап нормативтік мәліметтер бар. Маған дейін бұл бұйрық болды. Тіпті ҚазССР кезінен бар бұйрық. Біз тек қайта басып шығардық. Елімізде мемлекет қаражатынан ешкім жыныс ауыстыра алмайды, сақтандыру қорынан да төленбейді. Оған қаражат қарастырылмаған. Ал желіде Цой қабылдапты деген шу шықты. Ол маған дейінгі 5 министр уағында да болған бұйрық. Бірақ, ақпараттық алаңда тіпті мемдер тарап кетті», - деді Алексей Цой.
Осыдан кейін әрбір азамат қалауы бойынша клиникаға келіп жынысын ауыстыра ала ма?
«Әрине, жоқ. Бұл жерде көптеген комиссиядан өту керк. Соңғы 5-6 жылда ешкім Қазақстанда жыныс ауыстырған жоқ, ауыстырса шет елге барып жасатты. Мемлекет тарапынан оған қаражат қарастырылмаған», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Сұхбаттың толық нұсқасы:
Басып шығару