Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары кезінде түркі әлемінің астанасының жаңа келбетіне бағасын берді. Елбасы Түркістанның ұзақ тарихында бұрын-соңды мұндай жаңғыру көрмегенін айтты.
"Тәуелсіздік жылдары біз тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл Түркістан қаласы. Түркістанның ұзақ тарихында ол бұрын-соңды мұндай жаңғыру көрген емес. Мүлдем жаңа, бірегей қала. Бүкіл архитектурасы түркі және қазіргі заманға негізделген. Бұл Қазақстан үшін емес, бүкіл адам үшін ерекше орын болады.
Мен барша түркістандықты, оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттің осы керемет сыйлығымен құттықтаймын. Сіздердің мемлекетке жасаған сыйлықтарыңыз - бірлік, ынтымақтастық және отанымыз үшін еңбек ету. Бар жақсылықты тілеймін", - деді Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Сурет: elbasy.kz
Басып шығару