Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды. Татарстан президенті Рустам Минниханов мектептегі төтенше жағдай туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша террорист қамауға алынған.
«Террорист қамауға алынды. 19 жаста. Оған ресми түрде қару тіркелген», - деді Минниханов.
Рустам Минниханов мектепке, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Басып шығару