Mazir
05 май 13:19korilim:839 Sayasat / Qazaqstan

Нығматулин: Атамқұловқа микрофон қосып беріңіздер

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Аталған жиында
2021-2023 жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып, 2021 жылға арналған Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші туралы айтылды.  Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің биылға арналған елдің экономикалық өсу болжамы 2,8-ден 3,1% -ға дейін жақсарғанын айтты. 

Мәжіліс төрағасы экономикалық өсім азаматтардың өмір сүру сапасымен есептелуі тиіс екенін айтты.

«Әсет Арманұлы, сіздің болжамдарыңыз шынымен оптимистік тұрғыдан сенімді шығар. Бірақ әділеттілік үшін айта кетуім керек, бұл ЖІӨ өсімінің 3%-ы былтырғы  экономикалық рецессияның арқасында жүзеге асты. Экономикалық өсім - біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасымен есептелуі тиіс», - деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы құрылыс материалдары халыққа қолжетімді болуы қажет екенін айтып, Бейбіт Атамқұловқа сұрақ қойды.

«Сіздің қолдан сызған пайыздық көрсеткіштеріңізден келіп кетер ештеңе жоқ. Одан дым өзгермейді. Егер өнеркәсіптің, құрылыс индустриясының өсуі туралы айтатын болсақ, онда біздің құрылыс материалдары халыққа қолжетімді болуы қажет. Оның ішінде бағасы да тиімді болуы тиіс. Бізде неге олай емес, Бейбіт Бәкірұлы (Атамқұлов)?», - деді Н. Нығматулин.

Атамқұлов микрофонын қоса алмай «иә» деп жауап берді. Мәжіліс төрағасы естілмегенін айтты.

Атамқұлов тағы да «иә» деп жауап берді.

«Министр Атамқұловқа микрофон қосып беріңіздер. Әлі күнге дейін микрофонның батырмасын қосуды білмейсіз, өндірісті қалай басқарып жүрсіз?!», - деді Нығматулин.

Сурет: Tarlan.kz
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15