Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Аталған жиында
2021-2023 жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып, 2021 жылға арналған Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші туралы айтылды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің биылға арналған елдің экономикалық өсу болжамы 2,8-ден 3,1% -ға дейін жақсарғанын айтты.
Мәжіліс төрағасы экономикалық өсім азаматтардың өмір сүру сапасымен есептелуі тиіс екенін айтты.
«Әсет Арманұлы, сіздің болжамдарыңыз шынымен оптимистік тұрғыдан сенімді шығар. Бірақ әділеттілік үшін айта кетуім керек, бұл ЖІӨ өсімінің 3%-ы былтырғы экономикалық рецессияның арқасында жүзеге асты. Экономикалық өсім - біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасымен есептелуі тиіс», - деді Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы құрылыс материалдары халыққа қолжетімді болуы қажет екенін айтып, Бейбіт Атамқұловқа сұрақ қойды.
«Сіздің қолдан сызған пайыздық көрсеткіштеріңізден келіп кетер ештеңе жоқ. Одан дым өзгермейді. Егер өнеркәсіптің, құрылыс индустриясының өсуі туралы айтатын болсақ, онда біздің құрылыс материалдары халыққа қолжетімді болуы қажет. Оның ішінде бағасы да тиімді болуы тиіс. Бізде неге олай емес, Бейбіт Бәкірұлы (Атамқұлов)?», - деді Н. Нығматулин.
Атамқұлов микрофонын қоса алмай «иә» деп жауап берді. Мәжіліс төрағасы естілмегенін айтты.
Атамқұлов тағы да «иә» деп жауап берді.
«Министр Атамқұловқа микрофон қосып беріңіздер. Әлі күнге дейін микрофонның батырмасын қосуды білмейсіз, өндірісті қалай басқарып жүрсіз?!», - деді Нығматулин.
Сурет: Tarlan.kz