Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағалығынан кетті. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Айта кетейік, отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр. Күн тәртібі «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбына арналған.
Сессия жұмысына онлайн форматта 550-ден астам адам қатысып отыр. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
Сурет: matritca.kz