Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Сұхбат барысында жер комиссиясының құрамы туралы айтылды. Мұхтар Тайжанның айтуынша, ол комиссия құрамындағы әріптестеріне сенбейді.
Сіздің Жер комиссиясының құрамына кіруіңіз қиын болды. Кірмей қаламын деген қорқыныш болды ма? "Болды. Өйткені маған сондай мәлімет келді. Мен тізімде жоқ екенмін. Себебі, министр Сапархан Омаровпен қарым-қатынасымыз нашарлап кеткен еді. Ол былтыр қосалқы жалгерлікті (субаренда) қолдап шықты. Министрліктен осындай жазбаша ұсыныс шықты. 2016 жылдан 2020 жылға дейін жақсы қарым-қатынаста едік. Бірнеше заңды бірге дайындап, жұмыс істедік. Бірақ мен қосалқы жалгерлікке жол бермейтінімді айтып, ашық түрде жаздым. Ол ренжіді. Жер мәселесі - түгел елдің мәселесі.", -деді Мұхтар Тайжан.
Жер комиссиясының құрамында 80 адам бар. Сіздің жер комиссиясы құрамына кіруге сонша талпынуыңыздың себебі неде? Басқа 79 әріптесіңізге сенбейсіз бе?"Сенбеймін. Бірақ 79 адамның бәріне сенбеймін деп айта алмаймын. Құдайға шүкір өте адал азаматтар бар. Комиссия құрамына қарасаңыз, әкімдердің орынбасары бар, яғни, шенеуніктер. Төрағасы вице-премьер болса, оның пікіріне қалғандары қарсы келе ме? Жоқ", -деді қоғам қайраткері.
Вице-премьерге сенбейсіз бе? "Сену сенбеуді жұмыс көрсетеді. Менің сенбеуім міндетті деп есептеймін. Маған адал заң керек. Бәлкім Тоғжанов мырза өзінің азаматтығын көрсетер, мен риза болар едім", - деді Мұхтар Тайжан.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Басып шығару