Алматыда 19 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты жантүршігерлік деректер белгілі болды, деп хабарлайды Информбюро 31.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Аяжан Еділовані ғаламторда он күн бұрын танысқан жігіт аяусыз өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Күдікті қылмысын жасыру үшін бөлшектелген мәйітті қаланың әр аумағындағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып кеткен.
Тергеу дерегінше қанды қылмыс өткен демалыс күні болған. Құзырлы орган өкілдері бойжеткен жұмысынан шыққан соң, жаңа танысының шақыртуымен оның жалдамалы пәтеріне барғанын айтады. Екеуінің Нұркент ықшам ауданындағы пәтерлердің біріне кіріп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бірақ Аяжан сол күйі үйден аман шықпады. Дереккөз: 31 арна Басып шығару