You Tube желісінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Бәшімовтің сұхбаты жарияланды.
"Жер комиссиясының бірінші отырысы қалай өтті? Әсер қалай?" деп сұрады журналист Нартай Аралбайұлы. "Иә, жаңа ғана бітті. Осындай отырысты тікелей эфирде көрсеткенін бірінші рет көрдім. Әдетте айтқан сөздерін жазып отырады ғой, ал бұл жерде халық өзі естіп отыр. Жер саласында парақорлық деген көп. Мен заң ғылымының докторымын, басқа мемлекеттердің заңдарын жақсы білемін. Еуропада ауылшаруашылық жерлерін кәсіпке беріп отырады. Бірақ ол елдерде құқық бірінші орында тұрады. Германия мен Францияда парақорлық деген нәрсе жоқ", - деді Марат Бәшімов.
Сұхбат барысында әр қазақстандыққа тегін он сотық жер берілу керек екені де айтылды."Әр қазақстандыққа тегін он сотық жер берілсін. Ол жерді қалай пайдаға жарататынын әркім өзі білсін. Жер комиссиясының бұл отырысы ашық түрде өтті" - деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры.
Әкімге жерді беріп, оны өзі бақылап отыруға мүмкіндік беретін заңды кім қабылдады? "Заңды депутаттар қабылдады. Депутаттардың өзі лоббистер. Мысалы, Атамекен кәсіпкерлер палатасы да лоббист. Мен ылғи айтамын, сендер кәсіпкерлердің құқығын қорғайсыңдар, ал тұтынушылардың құқығын кім қорғайды. Мен парақорлықпен күресуді әрдайым қолдап отырамын", - деді Марат Бәшімов.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Басып шығару