Нұртөре Жүсіп Сенат отырысында еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдады. Сенатор еліміздегі кітапханалар мен мұрағаттардағы бірқатар мәселелерді айтып, осы саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеруді сұрады.
«2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты. Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен», - деді Нұртөре Жүсіп.
Нұртөре Жүсіптің айтуынша, кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің архив материалдарын сақтау үшін нысандар салу керек.
Фото:assembly.kz