Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков сыбайлас-жемқорлық дерегі бойынша қамауға алынды. Букмекерлік қызмет саласында заңды тұлғадан пара алды деген айыппен ұсталған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шенеунікке пара берген азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ Алматыдағы «Алатау» балалар клиникасының директоры осындай қылмыспен күдікке ілінді. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекеме басшысы қызметін асыра пайдаланып, кепілдендірілген медициналық көмек аясында бөлінген қаражатты қолды қылғаны айтылады.
Басып шығару