Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жақсы жағдайдағы автожолдардың үлесін 85 пайызға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
«2021 жылы 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отыр. 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 85 пайызға дейін жеткізу жоспарланды. Қала халқының 100 пайызы, ауыл халқының 90 пайызы сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізеді», - деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.