Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды.
"Елордада бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салдыра алады және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған.
Басып шығару