Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты.
Маманның айтуынша, Алматы емханаларында "Спутник V" вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.
«Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады», - деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте.