Елімізде вакцинация процесі видеоға түсіріледі. Коронавирусқа қарсы вакцина салатын арнайы процедуралық бөлмелерде камералар қойылады. Олар қалалық және аудандық ауруханаларда ашылады.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, екпе салынатын адамды дәрігер қарап шыққаннан кейін оған коронавирусқа қарсы вакцина камера алдында салынады. Процедуралық бөлмелерде бақылау аймағы және шұғыл медициналық көмек аймағы қарастырылған.
Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады.