Алматыда демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс істеуіне тыйым салынды. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.
«Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелер сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткендер ауруханаға жатқызылады», - делінген хабарламада.