Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жабылған сауда, ойын-сауық орталықтары қайта ашылатын болды. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан сән салондары, химиялық тазалау орталықтары және мейрамханалар ашылады. Ал аталған нысандардағы фуд-корттар екінші кезеңде, ал СПа, фитнес орталықтары үшінші кезеңде ашылмақ.
«25-мамырдан бастап 3 100 қоғамдық тамақтану орыны іске қосылады. Жалпы 27 мың адам қайта жұмыс істей бастайды. Үстелдер арасы екі метр шамасында болуы тиіс. Үстел басына бір отбасы мүшелері немесе төрт адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл нысандарға 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді», - делінген мәлімдемеде.
Бұл кезеңде мейрамханаларда банкеттер мен той-томалақ өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл кезеңде караоке, бильярд орталықтарына жұмыс істеуге тыйым салынған.
Басып шығару