Mazir
18 янв 14:38korilim:788 Sayasat

Қазақстан үкіметі қалай тағайындалады?


Министрлер кабинеті мәжілістің жаңа шақырылымы сайланған соң өкілеттігін тоқтатты. Енді премьер-министр президентке үкіметтің құрамы туралы ұсыныс енгізеді.

Конституцияның 65-бабында премьер-министр тағайындалғаннан кейін президентке он күн ішінде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстар енгізетіні көрсетілген. 

"Үкімет туралы" Конституциялық заңның 19-бабы бойынша премьер-министр Республика президентіне ұсыныс енгізеді: 

  1. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; 
  2. Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, парламент мәжілісімен консультациялардан кейін үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады. 

Төменгі палатаның регламентінде  (Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңның 22-1-бабы) үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін мемлекет басшысына ұсынылатын кандидатуралар бойынша мәжіліс пен оның тиісті тұрақты комитеттерінде консультациялар өткізілетіні көрсетілген. 

"Президент туралы" Конституциялық заңның 10-бабында сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке президент тағайындайтыны көрсетілген.

Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігі, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде президент пен парламент алдында жауапты. 

Қазақстан Республикасының үкіметі: 

  • мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 
  • Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 
  • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 
  • республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 
  • министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; 
  • министрліктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 
  • Республика президентімен келісім бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; 
  • өзіне Конституциямен, заңдармен және президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

                                         

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15