Мәжілістің жаңа депутаттары VII шақырылған палатаның бірінші жалпы отырысына қатысты. Олар Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді,
«Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деп Мәжілістің жаңа депутаттары ант мәтінін оқып берді.