Саясат сахнасына табан тіреген әнші әрі актер бұған дейін ант қабылдау рәсіміне келмей қалған. Бұқара сүйікті әртістерінің бұл әрекетін түсінбей дал болғанПарламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әлімжановтың ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды bairaq.kz ақпарат порталы, Egemen Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Nur Otan» партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді», – деді Мәжіліс төрағасы.
Өз кезегінде Нұрлан Әлімжанов мәртебелі міндетті адал атқаруға ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», – деді ол.
Сондай-ақ, ол Мәжіліс комитетінің құрамына сайланып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
Естеріңізге сала кетсек, саясат сахнасына табан тіреген әнші әрі актер бұған дейін ант қабылдау рәсіміне келмей қалған. Бұқара сүйікті әртістерінің бұл әрекетін түсінбей дал болған еді. Актердің онысын біз де жазған болатынбыз. Сонда Парламент Мәжілісінің жеке Нұрлан Әлімжанов үшін арнайы ант қабылдау салтанатын өткізуге мәжбүр болғаны ма?
Басып шығару