Mazir
15 ноя 14:01korilim:891 Sayasat

Ұлттық валюта - төл теңгемізге 27 жыл


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 29 жыл толу қарсаңында еліміздің ұлттық валютасы - төл теңгемізге 27 жыл толып отыр. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 12 қараша «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 1993 жылы 15 қарашада теңге айналысқа енген болатын. Сол сәттен бастап қазіргі күнге дейін елімізде жыл сайын «Ұлттық валюта» күні және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланып келе жатыр.
Елбасының төл теңгені енгізу жөнінде қабылдаған шешімі мемлекетіміздің тарихындағы маңызды қадамдардың бірі болғаны белгілі. Ұлттық валютамызды енгізу - нарықтың қатынастардың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына елеулі әсер етті. Теңгенің қалыптасуы Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюында елеулі орын алған оқиғалардың бірі болғаны хақ. Тек тәуелсіз ұлттық валюта ғана дербес эномикалық саясат жүргізуге мүмкіндік береді.   
Теңге - Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бірден-бір заңды төлем құралы болып саналады. Ұлттық валютамыздың өз белгісі (₸) бар. Теңгенің графикалық белгісі транскрипциясы «т» дыбысын білдіретін ежелгі түркі әліпбиінің символы болып табылады.     
Теңге айналымға ресми түрде енгізілген соң Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Жамбыл филиалынан еліміздің барлық аймақтарына таратылды. Банкноттар басқа қалалар мен аймақтарға бірнеше күн бұрын жеткізіліп, валюта енгізілген күні еліміздің барлық облыстары толықтай дерлік банкноттармен қамтамасыз етілді. Осылайша  валюта енгізілген кейін ескі ақшаны ұлттық валютаға айырбастау басталды. Бес күннің ішінде елімізде 951 млрд. рубль теңгеге айырбасталып, кеңестік ақша айналыстан алынды.                                           
Бүгінде Теңге - тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы екенін айта кеткен жөн. Ұлттық валюта: төлем, жинақтау және айналым құралы ретіндегі барлық міндеттерін орындай отырып, толыққанды ұлттық ақша бірлігі болып қалыптасты. 
Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде. Атап айтсақ, Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті болған. 
Кейіннен 2006 жылы теңгеміздің кескіні түбегейлі өзгерді. Ұлттық валютадан тарихи тұлғалардың бейнесі алынып тасталды. Жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды. Онда заман талабына сай өзгерген әсем Қазақстанның қазіргі келбеті айшықталған. 3 теңгелік номинал жоғалып, 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ақша темір теңгеге айналды. 
Біз ұлттық валютамыздың осындай қысқа мерзімде халықаралық нарықта мойындалғандығымен мақтанамыз!
Басып шығару
buy lasuna without a prescription - order lasuna generic purchase himcolin sale

order gabapentin 100mg online - azulfidine 500 mg uk buy generic azulfidine

benemid order online - oral monograph order tegretol sale

buy celecoxib online - flavoxate tablets indocin 50mg for sale

buy voltaren generic - diclofenac online buy buy aspirin online cheap

cheap rumalaya pills - purchase shallaki sale buy elavil 10mg sale

mestinon 60 mg cheap - imuran 50mg price buy azathioprine 50mg online cheap

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15