Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықарға Коронавирус инфекциясымен күрес бойынша құрылған Ведомствоаралық комиссия отырысынан не күтуге болатынын айтты.
Министрдің айтуынша, әзірге тап басып бірдеңе деу қисынсыз екен. Өйткені, бұл сұрақтың жауабын министрдің өзі білмейді.
«Меніңше, бір шешім шығады. Бірақ карантинді жеңілдетуді бұл сатыда күтпеу керек. Ұшақпен жүруге, шекарадан қтуге байланысты қосымша қатаң ережелер қолданысқа енеді», - деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің сөзіне сенсек, қажетті шаралардың бәрі қолданылған.
«Министрліктің әрбір әрекеті жағдайды оңалтуға бағытталары сөзсіз. Байқаған боласыздар жағдай біршама тұрақталды. Бізде қазір ажиотаж жоқ, дәріханаларда дәрі бар, қосымша кереуеттер қаңтарылып тұр», - деді ол.
Басып шығару