Mazir
21 сен 10:58korilim:2 911 Sayasat / Ekonomika

Брифингтен бой тасалап, блогерлермен бас қосатын министр


Халықтың ілтифатына бөленген министр – Алексей Цой бір жарым айдан бері апта сайынғы брифингте бой көрсетпей жүр. Денсаулық сақтау министрінің орынына журналистер сауалына ведомстваның ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап беріп жүр. Министрдің «санаулы секундтары» бар екенін айтқан ресми өкілдің сөзіне сену қиын сияқты. Өйткені елдегі беделді платформа саналатын Kozachkov offside Телеграм арнасында Алексей Цойдың блогерлермен кездесіп жүргені туралы ақпарат жарық көрді. 

Телеграм арнаның иесі Бағдат Қожахметовті PR-мамандарынан медиаорталық құрды деп отыр. Ал Цойдың кездесулерінде қазақстандықтарды алаңдатып отырған пневмония, коронавирус, медициналық көмек алу сияқты тақырыптар жабық күйінде қалып отыр. Міне, осы себепті журналистер Цойдың баспасөз конференциясына шығуын талап етіп отыр. Ал Қожахметов министрдің «әр минуты санаулы екенін», 30-қыркүйекке дейін журналистерге, тіпті, онлайн да жауап бере алмайтынын алға тартып отыр. 
Бірақ мақтаған министріміз журналистерден алшақ жүрсе де, блогерлермен шай ішіп, арқа-жарқа отырыста болуға уақыт тауыпты. Тіпті, онлайн да емес, оффлайн кездесу. Бұл үшін блогерлер елордаға елпектемейді де. Белгілі блогер Бейбіт Әлібеков: «Бүгін министр Цой менің территориямда кездесуге келісті», - деп жазды. 

Ал блогердің территориясы – Алматыдағы Esentai City маңындағы кафе. Алексей Цоймен бірге депутат Қайрат Құдайберген, блогер Шолпан Али, Жанна Ильичева және 4 адам дастархандас болды. 
Бейбіт Әлібеков министрмен селфи жасап, көңіл-күйі жақсы екенін оқырмандарына жеткізсе, Қайрат Құдайберген Цойдан кәсіпкерлер жұмыс істеуі үшін карантинді жеңілдетуді сұрағанын айтыпты. 
Шолпан Али мен Жанна Ильичева министрді ұмытып, кафедегі тамақпен әуре болған сыңайлы. Жиналғандар Денсаулық сақтау саласының басшысын мүлде ұмыта жаздап барып, оның «жақсы, қарапайым, интеллигент, жағымды» адам екенін айтады. Ұмытып кетсе ұят болар еді. Өйткені министр Нұр-Сұлтандағы брифингте журналистер сауалына жауап беруге уақыт таппаса да, блогерлер шайы үшін Алматыға келді емес пе?

Цойды елордадағы қоғам белсенділері де қолдайды. Олардың қатарында Мұрат Әбенов, Ерлан Саиров, Ғалым Байтұқ бар. Бұл кісілер министрдің тәулігіне 3-4 сағат қана ұйықтайтынына дейін біледі екен. Ал Байтұқ бірер күн бұрын жиырмаға жуық адаммен ахуалды түзей алған Цой туралы мақтанышпен мәлімдеме жасады. 
Команда туралы айтқан соң келесі сөзге де кезек берейік. Цой министр лауазымына тағайындалған бойда орынбасары болып Ажар Ғинаят келді. Қазақстан президенті іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі кезінде де Ғинаят Цойдың орынбасары болған еді. Министрдің тағы бір орынбасары Людмила Бюрабекова да дәл осы орталықта бұрынырақ жұмыс істепті. 
Жақын күндері вице-министр және бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып аталмыш орталықта қызмет еткен Ерлан Қиясов тағайындалды. Бұл қандай процесс?!
Басып шығару
brand lasuna - cheap himcolin for sale purchase himcolin generic

buy probenecid 500mg - order tegretol pill buy tegretol 400mg for sale

celecoxib 100mg usa - indocin 75mg cost order indomethacin 50mg for sale

cheap colospa - order etoricoxib without prescription buy generic cilostazol 100mg

order voltaren 50mg for sale - voltaren 100mg for sale aspirin 75mg canada

rumalaya canada - generic shallaki amitriptyline where to buy

where can i buy mestinon - buy azathioprine pills brand azathioprine 50mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15