Үкіметтің қаулысымен Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.
Естеріңізге салайық, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап бүгінге дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған болатын.
Басып шығару