Mazir
29 авг 11:47korilim:1 024 Sayasat / Qazaqstan

«Жер төсіне сол жақта Атом сына қаққан-ды...»


...Бүгін есімізге әйдік ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының осы бір өлеңі орала берді. Турасында, есімізде қалғаны «иттері мияулап, мысықтары ұлыған» деген тұсы еді. Жарты ғасырға таяу уақыт ядролық қару сынақтары жүргізілген қарт Семейдің ақынынан басқа кім айта алар осы сөзді?!
Саңырауқұлақ сияқты сайтанның зардабын жергілікті жұрт көп тартты. Сарқыншағы әлі де бар. Кемтар туған балалар, жасына жетпей «еңбекке жарамсыз» атанған азаматтар, жаппай жайлаған созылмалы аурулар – улы қарудың сынақтарының «жемісі». 
Биыл дәл осы құбыжықтар құжынасына айналған полигонның жабылғанына 29 жыл толды. Тәңіріне тәубе еткен төзімді халық бұл қасіретті де еңсеріп шықты. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде кеңестік идеологиядан ада, санасы ашық ұрпақ өсті. Алды тізгін тартуға жарап қалғаны да анық. 
Сол қасиетті өлкенің ақыны Ұлықбек Есдәулет ағамыз сөзін жазған «Заман-ай» әнінде мынадай жолдар бар еді: 
Неге біздер у ішеміз суаттан,
Неге біздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған жерді тоздырғанша, заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Неге жерге кірмейміз біз ұяттан?
Баба рухы алдында ұялған азаматтар арқасында жабылды емес пе бұл полигон?! Айта кету керек, Ұлағаң сөзін, Төлеген Мұхамеджанов әнін жазған «Заман-ай» қатерлі сынақ алаңын жабуға мұрындық болған «Невада-Семей» қозғалысының әнұранына айналды. Бұл – қоғамдық тұтастық көрінісі. 
Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа, Олжас Сүлейменовке һәм осы Ұлықбек, Төлеген, Тыныштықбек сияқты рухани күштерге алғыс айтуымыз керек. Бұл алғыстан АҚШ-тың сол дәуірдегі президенті Рональд Рейган ақсақал да тысқары қалмағаны жөн. Ниеті бөлек болса-дағы ерін бауырына алып тулай қоймаған Горбачевке де рахмет. 
Қай жылдары Мырзан Кенжебай ағамыз осы тақырыптағы тың ақпаратты жариялады. Ақын Сүлейменовтың «ерек ерлігіне» Кешірім Бозтаевты «ортақтастырды». Мақаласында «совершенно секретно» графасымен берілген 
Сөзіміз көпке түсінікті болуы үшін Кешірім Бозтаевтың Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарғанын айта кетелік. Мырзан Кенжебай мақаласындағы хаттың түпнұсқасы ретінде ұсынылған мәтін төмендегідей: 
«Өте құпия.№1-ші данасы.
Мәскеу. Кремль.
КПСС Орталық Комитетінің Бас Хатшысы М.С.Горбачевке.
«Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитеті СОКП ОК-не мына жағдайды хабарлайды: 340 мың тұрғыны бар Семипалатинск қаласына таяу жатқан сынақ алаңында 1949 жылдан бері ядролық қару сынақтары жүргізілуде. Бұл сынақтар әуелі – ауада, сосын 1963 жылдан бастап жер астында жүргізілуде.
Қазір арада 40 жыл өткенде бұл полигонның айналасындағы жағдай мүлде өзгерді. Яғни, полигон қалың ел орналасқан аймақтың қақ ортасында қалды. Ал бұл жағдай сынақтар жасау барысында еш ескерілмеуде. Бұл маңда жылына 14-18 ядролық жарылыстар жасалады, олар осы жердегі ғимараттар мен инженерлік желілерді істен шығарып, жүздеген, мыңдаған адамдар, басқа да жан-жануарлар  ауырып, су ішетін құдықтар бұзылуда. Сонымен қатар, полигон аймағындағы топырақ қабаты қатты өзгеріске ұшырауда, әрбір үшінші жарылыс сайын жер бетіне радий белсенділігі жоғары газ тарайды, оны тоқтату  іс жүзінде мүлде мүмкін емес.
Ядролық сынақтар туралы жұртшылық арасында әртүрлі пікірлер таратылып, тұрғындар арасында моральдық-психологиялық күйзеліс байқалуда және олардың осының бәрін сынақ тудырған кесел, дерттермен байланысты деуі де негізсіз емес.
Осындай ауыртпалық жағдайға алаңдап отырған облыстық партия комитеті СОКП ОК бұл жарылыстарды тоқтатуды немесе оның қуатын кемітіп, жарылыс аралықтарын сирексітуді,   одан әрі жарылыстарды басқа бір қолайлы жақтарда өткізуді тиісті министрліктер мен мекемелерге тапсыруын өтінеді.
Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы К. Бозтаев. 20 ақпан, 1989 жыл».
 Мырзан ағамыз да бұл хаттың негізін 2010 жылы 9-шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған В.Пигаваевтың «Под грифом, «Совершенно секретно» деген мақаласынан алғанын ескертеді. 
«Невада-Семей» қозғалысының жетістігі – жекелеген адамдардың емес, көптің ниетінің, жүздеген адамның төккен терінің нәтижесі. Біз осыныың ара-жігін ажырата білуіміз керек. Бұл жерде Бозтаевтың да, Сүлейменовтің де, Назарбаевтың да, аты аталмаған қаншама адамның еңбегі бар. Бірін жоққа шығарып, бірін көкке көтеріп береке таппаспыз. Оларға осы әрекеті үшін шексіз алғыс айту ешқандай даңғойлық та, жағымпаздық та, асырасілтеушілік те емес!
Жапондардың жазылмайтын жарасы – Хиросима мен Нагасаки қаласына тасталған ядролық жарылғыштардың қуаты Семейдегі қарулардан 2,5 мың есеге аз. Қырық жылда 456 сынақ жүргізілді. Оның ішінде қуаты өте жоғары әрі ашық сыналған қарулар да жоқ емес. Қанша тағдыр, қанша бүлдіршін көз жанарынан айырылды, қанша адамның ағзасы уланды?!
Кейін «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырушылары жүйелі әрекет етіп, КСРО мен АҚШ президенттеріне үндеу жолданды. Артынша қыруар тексеру жұмыстары жүргізіліп, екі алып держава аймақтардағы полигондардың жабылуы қадағалауға келісті. 
Бұл даулы тақырыпқа нүкте қойған – Елбасы. Ол осыдан тура 29 жыл бұрын, 1991 жылдың 29-тамызында «Семей полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – қасиетті Семей және күллі қазақ халқының басынан бұлт сейілген күн еді. Ендігі күнде жеріміздің беті де, үсті де, асты да тыныш болсын, бомбаның дауысы естілмесін деп тілек білдіреміз!
Басып шығару
purchase lasuna pills - purchase himcolin online cheap cheap himcolin online

besivance buy online - sildamax medication sildamax sale

cheap neurontin 800mg - motrin 400mg price generic sulfasalazine 500 mg

probenecid 500mg tablet - benemid 500 mg ca oral carbamazepine

purchase voltaren generic - buy cambia generic aspirin 75 mg tablet

rumalaya where to buy - order generic shallaki cost elavil 50mg

cost pyridostigmine 60mg - azathioprine pills azathioprine 50mg for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15