Беларусь президенті Александр Лукашенко әріптестеріне ертерек назар аударып, көмек сұрауы тиіс еді. Бұл пікірді КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтқан.
Сұхбат барысында журналист Михаил Сергеевичтен Беларусьтағы қазіргі ахуалды КСРО-ның 1990-91 жылдардағы жағдайымен ұқсастығы туралы сұрады. Ал Горбачев жағдайдың ұқсастық деңгейіне жетпегенін айтыпты.
«Лукашенко өндірістік өнеркәсіптердегі жұмысшылардан қолдау сұрады. Бірақ кешігіп қалған сыңайлы», - деді Михаил Сергеевич.
Еске сала кетейік, алып Одақ құлайтын тұста Горбачев те жұмысшылардан қолдау мен көмек сұраған. Бірақ оны қолдауға ешкім ынта білдірмеп еді.
Басып шығару