Ресей халқы бүгінде президент Владимир Путиннің отставкасын жиі талап етіп жүр. Ал оның ізашары Борис Ельцин Владимировичтің саясаты әуелден көңілінен шықпағанын білдірген екен. Бұл туралы қазіргі митингі алаңына айналған Беларусь президенті Лукашенко Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты.
Лукашенко Путин билікке келген күннен-ақ Ельцинді шетке ысырып тастағанын айтады. Экс-президент пен қазіргі президенттің арасындағы жарықшақ тым тереңдеп кеткен.
«Мен олардың арақатынасына араласқым келмейді. Бірақ Борис көп өкінді. Мен оның үйінде жиі болатын едім. Әрдайым жұбатуға тырысатынмын», - деді Лукашенко.
Ельциннің үйінде жиі болған Лукашенко аталмыш сызаттың түсуіне Бористің билікқұмарлығы себеп болғанын айтады.
«Ельцин биліктен кеткен соң жаңа президент әр шешімін өзімен ақылдасып, қолбала сияқты жұмыс істейді деп ойлады. Бірақ оның бұл ойын путин жүзеге асырған жоқ», - дейді Беларусь басшысы.
Лукашенко құрғақ сөзден аттап өтіп, Ресей басшыларының арасындағы кей жағдайлардан да мысал келтірді. Айтуынша, Ельцин Путиннің Куба мен Вьетнамдағы ресейлік әскери базаларды қамтамасыз етуден бас тартқанда қатты қапа болыпты.
«Ельцин: «Неге бас тартты?! Тиын-тебен ғана ғой! Тіпті, мұнайдың баррелі 8 доллар болғанда да мен бұл базаларды ұстап едім ғой», - деді. Мен Бористі сабасына түсірдім. Оған қазіргі президент өз саясатымен жүретінін, дұрыс шешім оған анық көрінетінін айттым. Оның әйелі Наина: «Саша, оған айтшы, ақылынан алжасатын болды, оған уайымдауға болмайды, жүрегі ауырады», - деуші еді. Ал мен Борис Николаевичті жұбатып, вино ішуге шақыратынмын», - деп отыр Лукашенко.
Осы сөздеріне қарамастан Александр лукашенко Путинді «ағасы һәм досы» санайтынын айтып отыр. Бұлтарған Беларусь басшысы өз сөзінің аяғын Путинді де, өзін де «күшті тұлға» деп салды.
«Біз еркекпіз. Осы нәрсеміз өте ұқсас. Ал қалғандары... қалғандары жұмыс қой...», - дейді Лукашенко. Бұл сөзіне Ресей президенті өзіне ешқашан қысым көрсетпейтінін қосып қойды.
Гордонға ашылмайтын саясаткер некен-саяқ болар, сірә?! Сөзін сабақтаған «Саша-мырза» Путиннің болашағын болжай салды. Оның айтуынша, Владимирович билік тұтқасына жабысып 2036 жылға дейін отырмайды екен.
«Путин ешқашан билікке жабысып отырмайды. Ол Ресейдің қазіргі саясатын жалғастыратын адам табады», - деді ол.
Борис Николаевич 1999 жылдың 31-желтоқсанында өзінің отставкасын жариялаған. Міндетін атқаруға сол кездегі премьер-министр Владимир Путин жүктеліп еді. Штурмалға қолы тиген Путин 2000 жылдың мамырында президент болып сайланып, әлі күнге шаршамай қызмет етіп келеді.
Борис Ельциннің бордай езілуіне Путиннің пәрмені сеп болған. Лукашенконың сөзі осы сарында. Биліктің алмасуы осы тәртіпте жүрсе, халық екіұдай болмас еді...
Басып шығару