Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.
Анар Жайылғанова әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр саясатын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы баяндады.
«Мемлекет басшысы жастар кадрлық резервімен жұмысты жалғастыруды, оған қатысушылардың жұмыспен қамтылуын бақылауды және резервте болу шарттарын реттеуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып таңдалған кандидаттар санын қысқартып, 2021 жылы Президенттік кадрлар резервіне тағы бір конкурстық іріктеуді өткізуді тапсырды», - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Басып шығару