Mazir
06 авг 11:48korilim:964 Sayasat / Qazaqstan

Алпауыт British Petroleum компаниясы мұнай мен газдан неге бас тартты?


Жер жүзіндегі мұнай мен газ өндірісіне ықпал етуге қауқарлы  British Petroleum компаниясы 2030 жылға қарай өндіріс көлемінің жартысын қысқартып, үнемделген қаражатты энергетика саласына салуға мүдделі. Өздерінің бұл ниетін ауаға қажетсіз қалдықтарын жібермейтін саланың басын ұстауды көздейтінімен түсіндіріпті. 
Британиялық компанияның 2030 жылға дейінгі даму жоспарында мұнай мен газ өндірісін 40 пайызға қысқартып, кемінде миллиард доллар қаражатты энергетикаға салу туралы нақты бөлім бар. 
Компанияның ресми мәліметіне сүйенсек, көмірқышқыл газын аз бөлетін салаға 2030 жылға қарай 5 миллиард доллар инвестиция салу жоспарланыпты. Осылайша, кәрі құрлықтағы «қадірлі компания» сатылы түрде жер асты байлығының сарқыншағынан бас тартып, энергетиканы пайда көзіне айналдыруды мақсат тұтып отыр. Ең қызығы, дәл осы мәлімдемеден кейін  British Petroleum компаниясының акциясы 8 пайызға өскен. 
«Алдағы онжылдықта климаттың өзгеруімен қарқынды күрес жүреді. Жаһандық энергетика жүйесінде өзгеріс болуы үшін барлық тараптан күш қосылу керек», - деп мәлімдеді британиялық компания. 
Компанияның болжамынша, Жердегі температураның көтерілуі 1,5 градус деңгейінде шектелсе, жер асты байлықтарына деген сұраныс 75 пайызға төмендейді. Егер жаһандық жылыну 1,5 градустан төмен болса, сұраныс 50 пайызға азаймақ. Компания осындай жағдай орын алса, жер бетіндегі мұнай мен газ өндірісі күніне миллион баррельге дейін азаюы ықтимал екенін алға тартыпты. Дегенмен, British Petroleum алдағы бес жыл көлемінде негізгі күшті мұнай мен газ өндіруге жұмсайтынын жеткізді. 
Компания жаңа мұнай кеніштерін табу үшін цифрлы технологияларды дамытуға 25 миллиард доллар жұмсауға бейіл екенін және инфраструктурасы қалыптасқан кеніштерді пайдалануды көздейтінін мәлімдеген. Осы бағыттағы жұмыс арқылы олар жаңа салаға салатын инвестицияға қаражат үнемдемек. 
2030 жылға дейін алпауыт компания биоотын мен сутегі тасымалдау қызметіне де назар аудармақ. 2030 жылға дейін экологиялық бизнеске салынатын қаражат компания табысының үштен бір бөлігіне дейін жетуі мүмкін.
Мұнай сарқыла бастаған сайын майлы жіліктің басын ұстағандар да шегіне бастады. Қазба байлығына тәуелді, әсіресе мұнай мен газдың табысымен күнелтіп отырған мемлекеттердің күні не болмақ?!
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15