ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан және Қарағанды облыстарының аумағында орын алған жағдайлар бойынша шұғыл брифинг өткізіп, ресми ақпарат берді.
«Құрметті журналистер! Елімізде екі даулы оқиға орын алды. Түркістан облысына қарасты Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал орын алып, нәтижесінде учаскелік полиция мен үш тұрғын орын алды. Оқиға орынына уақытылы жеткен учаскелік полиция жарақат алғанына қарамастан жанжалды тоқтатқан. Оқиғаға қатысы бар деп күдікті төрт азамат ұсталды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату фактілері расталып отыр. Азаматтардан жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
23-шілде күні кешкі сағат 21:00-де Сәтбаев қаласының Полиция басқармасына бес жастағы қыздың жоғалғаны туралы арыз түскен. Іздестіру барысында бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бір топ азамат күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті. Жанжал шығарып, полицияға қарсылық танытты. Қосымша күш тартылып, жағдай бақылауға алынды. Қазір аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Елдегі тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері барлық күшімен жұмыс істеуде».
Басып шығару