Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2-тамыздан кейін қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін айтып, азаматтарға құлаққағыс жасады.
«Бұл сұрақ әрбір қазақстандықты алаңдатып отыр. Екі апта карантин аяқталды, алда әлі екі апта бар. Осы мерзімнің орындалуына байланысты карантиннің созылатыны немесе жеңілдейтіні белгілі болады. Қазір вице-премьердің төрағалыңымен жұмыс істеп отырған ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетудің түрлі жолдарын қарастыруда.», - деді ол.
Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің бұйрығымен карантин шаралары 2-тамызға дейін созылған.
Басып шығару