Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің фармацевтика саласын байланысты пікірін айтты.
"Тергеу жүргізу керек. ФСМС және СК-Фармация басшыларын жұмыстан босату керек немесе тергеу жүргізу қажет", - деді Президент.
Ол індет кезеңінде пайдаға кенелгісі келгендерді қатаң жауапқа тарту керек екенін айтты.
"Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталды. Оны аяғына дейін апару керек. Өйткені бұл, сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз қазір дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі және олардың бағасын көтеру мәселелерін шешуге мәжбүрміз ", - деді Тоқаев.
Бұл жағдайды тез арада шешіп, барлық аймақтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажет.
"Жұмыс жүріп жатыр. Енді нәтиже керек. СК-Фармацияны білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көптеген түрлерін шығаратын уақыт жетті. Біз қанша уақыт бойы импортталатын дәрілерге тәуелді боламыз? Біздің мақтанышымыз қайда?" - деп сұрады мемлекет басшысы.
Басып шығару