Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің қашан қолжетімді болатынын айтты.
«Дәрілік заттар көтерме сауда жасайтын компанияларға берілді. Біршама уақыт ішінде ол заттар дәріханалар сөресіне жеткізіледі. Бірқатар мәселелер шешілді. Аз уақыт ішінде дәрі нарыққа шығады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, министрлік дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізіліп отыр. Сонымен ұатар, аймақтардағы әкімдіктерде арнайы топтар дәрі-дәрмектің бекітілген бағадан қымбат сатылмауын қадағалайды.
Басып шығару