Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінде дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалатыны турады мәлімдеп, дефицит себебін түсіндірді.
«Қоғамды алаңдатып отырған мәселелердің бірі – дәрі-дәрмектің тапшылығы. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, тұтынушылардың жаппай көбеюі себеп. Азаматтар дәріханаға бір барғанда парацетамолдың он қорабын бір-ақ сатып алады. Мысалы, мамыр айында Алматы қаласында 50 мың қорап парацетамол сатылса, қазір бір тәулік ішінде 100 мың қорап сатылып жатыр», - деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, әлеуметтік ажиотаж тек парацетамолдың емес, дене қызуы өлшейтін құралдың да айналасында байқалады.
«Бұрын жылына 100 мың «градусник» сатсақ, қазір бұл көлем бір аптада өтіп кетіп жатыр. Сонымен қатар, алыпсатарлар да қалта пайдасын көздеп жұмыс істеп жатыр. Барлық құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектердің бағасын өсірмеу туралы бұйрық берілген. Егер осы бұйрықты бұзғандар анықталса, заң аясында жауапкершілікке тартылады», - деді ол.
Басып шығару