Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақала жариялап, онда бірқатар тың деректер келтірді, кей жағдайларға байланысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы қоғамда талқыға түскен Астана атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгерткені туралы пікір білдіріп, шешімін дұрыс деп санайтынын жеткізді.
«Елбасының ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болды. Оның елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қауымдастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді. Бұл еліміздің геосаяси бағытын нығайтуға үлкен үлес қосты. Қазақстанның біртұтас ел ретіндегі дамуын айқындай түсті. Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Бүгінде елордамыз – халқымыздың мақтанышы һәм сүйікті шаһары. Былтыр мен астана авторының елорданы салып, дамытуға қосқан орасан зор үлесін әділ бағалай отырып, қалаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешім қабылдадым. Бұл дұрыс шешім болғанына еш күмән жоқ. Бұл қадам Қазақстанның жаңа тарихы мен Елбасы есімінің біртұтас ұғымға айналғанын білдіреді», - деді ол.
Басып шығару