Владимир Путиннің Нижний Новгород қаласындағы Sheraton қонақ үйінде ұмыт қалдырды деген көйлегі «Авито» сайтында сатылымға шықты. Сатушы Ресей басшысының бұл көйлекті номерде ұмытып кеткенін алға тартады.
«Көйлек Новгород қаласындағы Sheraton қонақ үйінде қалып қойған. Номерді жинау барысында табылды», - деп жазған автор тауар туралы.
Сатушының айтуынша, көйлек табылғаннан бері жуылмаған, тіпті, сараптамаға беруге де дайын екен. Путин көйлегін қолға түсірген азамат оны 165 мың рубльге бағалап отыр.
Басып шығару