Тоқаев пен Путин парад алдында не туралы сөйлесті? (видео)

  • 24 июн, 13:44
  • Көрілім: 1 156

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңындағы Жеңіс парадының алдында аз-кем тілдесті. 
Қ.-Ж. Тоқаев Путиннің «керемет әрі өте терең мақаласы» туралы оң пікір білдіріп, жазбаның өте қажет кезінде жарияланғанын тілге тиек етті. 
«Өте қызықты әрі өте қажетті дүние. Стилистикасы жақсы, оңай оқылады», - деді Тоқаев. 
Ал Ресей президенті өз жазбасына айтылған оң пікірге ырзашылық танытып, мақаланың мұрағат құжаттары арқылы жазылғанын айтты. 
«Мен мұрағаттан осы құжаттарды алғыздым. Қызықтым. Сосын осы мақаланы жазуға шешім қабылдадым», - деді Путин. 
Айта кетейік, Путиннің «The Real Lessons of the 75th Anniversary of World War II» атты мақаласы The National Interest америкалық журналында жарияланған еді. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру