Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін орынын босатып, Алексей Цой министр болып тағайындалды. Осыған қатысты Біртанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.
«Құрметті әріптестер және достар, мен бүгін Мемлекет басшысынан өзімді Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрадым. Өкінішке қарай, мен коронавирус жұқтырып алдым, дерт асқынып, өкпем қабынды. Енді қосымша ем қабылдауым керек. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Министрлік және өңірлердегі денсаулық сақтау саласы толыққанды жұмыс істеуі тиіс. Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі иыққа түскен салмақты мойымай көтеретініне сенімдімін. Бұл іске әрқайсысымыз атсалысуымыз керек. Әріптестеріме денсаулық пен табандылық тілеймін!
Қазақстанның денсаулық сақтау саласына өз үлесімді қосуға мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын!» - деді ол.
Басып шығару