Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Ерлан Аукенов коронавирус жұқтырды.
«Қайырлы күн. Бүгін менің тестім оң нәтиже көрсетті. Өзімді нашар сезініп отырмын. Емделемін және оқшауланамын. Үш-төрт күн бұрын бұл сынақтан өткендердің жағдайын сұрадым. Енді бұл сұрақтардың жауабын өзімнен көремін. Дерт әркімнен әртүрлі өтеді. Мен қазір вагон-вагон картопты түсіріп, оны гектарлаған аумаққа еккен адам сияқты сезімдемін. Кімнің басынан өтті, сол біледі.
Бірнеше күн бұрын маған вирус жұғады деп ойламадым. Маған қатаң сақтанған шаралар да көмектеспеді. Тек осы сәтті кейінге қалдыруға ғана сеп болды», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, алдағы уақытта қашықтықтан жұмыс істемек.
Басып шығару