Тестілеу нәтижелері бойынша пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік пен қамауға алу қарастырылған.
21 маусымнан бастап бүкіл республика бойынша мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.
Еліміздің барлық аймақтарында арнайы мониторинг тобының өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды.
Қазір Агенттік әлеуметтік желілерді, WhatsApp мессенджерлеріндегі ата-аналық топтарды бақылап отырады, белгісіз азаматтар белгілі бір мөлшерде ҰБТ-ға оң нәтиже жасап беремін деп уәде берген жағдайларды анықталған. Осыған байланысты, агенттік оқушыларды тек білімдеріне сүйене отырып тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарға тест нәтижелері бойынша пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік пен қамауға алу қарастырылғанын ескертеді. Азаматтар осындай оқиғаға тап болған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1424 байланыс орталығына қоңырау шалу қажет, деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Басып шығару