Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді.
Кездесу алдында мемлекет басшысы қызметтік міндетте қаза тапқан ҰҚК қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, сондай-ақ Комитеттің тәуелсіздік алғаннан бергі даму тарихын қамтитын 2017 жылы қайта жаңғыртылған ҰҚК орталық аппараты мұражайының экспозициясын қарап шықты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын және Комитеттің құрылымдық және аумақтық органдары басшыларының ақпаратымен таныс болды.
Іс-шара соңында Қазақстан Президенті ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару