Кеше ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға еліміздегі бірнеше мемлекеттік емес БАҚ жетекшілері қатысып, ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Мәселен, "Домбыра", "Туризм КЗ" және Turkway телеарналарының басшылары тақырыптық, жекеменшік арналарды да дамыту және оларға мемлекеттік қолдау қажеттілігін сөз етсе, жеке меншік басылым жетекшісі Мейрамкүл Рахымбаева қазақ тіліндегі баспасөзді дамыту және тарату мәселесі бойынша өз ойларын жеткізді.
Министр өз кезегінде бұл мәселелерді жақсы білетіндігін және министрлік тарапынан жоспарлы түрде іс-шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.
«Жекеменшік, шағын, бұқаралық ақпарат құралдарының да қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан біз барынша қолдау көрсетуге әзірміз. Мемлекеттік тапсырыс бойынша телеөнімдер жасауға келер жылдың жоспарына өз ұсыныстарын олар да білдіруге болады», - деді министр.
Басып шығару